Сұлтанбай Нұрхан | өмірбаяны

0

Сұлтанбай Нұрхан 1961 жылы 19 сәуірде Алтай аймағының Жеменей ауданының Қаржау елді мекенінде дүниеге келген. 

Жоғарғы оқу орнын филология мамандағы бойынша тамамдаған. Әдебиетке 1980 жылдан араласқан. Қытай Республикасы басылымдарында өлеңдері, «Поэзия суреті», «Атан», «Оң қолымды жылан шағып» атты толғаулары, дастан-поэмалары әр жылдары жарық көрген. Қытай қазақтары жас ақындарының топтама жинағы – «Үкілі ырғайға» жырлары енген. 1997 жылы Қазақстанға көшіп келген. Содан бері Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын басылымдарда бірқатар шығармалары жарияланды. 

Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған мүшәйрасында «Біз осында» өлеңдері жүлде алса, осы жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Желбірей бер көгімде, көк байрағым» бәйгесінде «Нажағай намыс» очерк-өлеңдері үшін бірінші жүлдені иеленді. Шыңжаң (бұрынғы Түркістан) өлкелік қазақ тілі және мәдениеті ғылыми қоғамының, өлкелік және Іле қазақ тілі және мәдениеті ғылыми қоғамының, өлкелік және Іле қазақ облыстық жазушылар одағының мүшесі болған.