Шона Смаханұлы | өмірбаяны
Шона Смаханұлы (1924–1988) 5 қазан Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.
1957 жылдан бастап «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында істеген. 1973–1983 жж. «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған. Мысал-сықақтары 1963 жылдан бері жарияланып келеді. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдармен марапатталған. Алматы қаласында оның есімінде мектеп бар.
Шығармалары: Тотияин. А., «Жазушы», 1959; Шимайбек пен Шыңқетпе. А., «Жазушы», 1960; Қу түлкінің сыбағасы. А., «Жазушы», 1961; Ортеке (орыс тілінде). А., «Жазушы»,1962; Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің. А., «Жазушы», 1966; Ұры тіс. А., «Жазушы», 1966; Купорос (орыс тілінде). М., «Советский писатель», 1968; Алтын жұмыртқа. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; Айға ұшамын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жүз шымшыма, қырық қышыма. А., «Жазушы», 1973; Қоңыраулы шеңгел. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1974; Кездік. А., «Жазушы», 1976; Сандықтан шыққан сайтан. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1977; Паутина (орыс тілінде). А., «Жазушы», 1979; Қыз сыры. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Жымияды жеңешем. А., «Жазушы», 1981; Жасырайық несіне. А., «Жазушы», 1984; Өткірдің жүзі. Бір томдық. А., «Жазушы», 1985.