Серік Әбдірайымұлы | өмірбаяны

0

Серік Әбдірайымұлы — (1943–2009) Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған. ҚазМУдің журналистика факультетінің (1963–1968) 3курсында оқып жүрген кезінде «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакциясына қызметке шақырылады. Онда 1979 жылға дейін әдеби қызметкер, спорт және физкультура, жұмысшы жастар бөлімдерін басқарды, жауапты хатшы және редколлегия мүшесі болды. 1979–1986 жж. аралығында «Өнер» баспасының Бас редакторы, 1986–1990 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтындағы марксизмленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияның меңгерушісі, 1990 жылдан өмірінің соңына дейін «Санат» (1993 жылға дейін «Қазақ университеті» аталған) баспасының директоры болды. «Бес мүшел белесінде» көркем эсселер кітабының, «Нұрғиса», «Брест қамалындағы қазақстандық қаһарман» деректі фильмдерінің, Д.Қонаев туралы «Елу жыл ел ағасы», «Личность», ұлы сазгер Н.Тілендиев жайлы «ҚаһарманНұрғиса» жинақтарының авторы.
Ол түрік жазушысы Орхан Кемальдың «Тәлкекке түскен тағдыр» романын, Әзиз Несин, Расул Ғамзатов, Пауль Куусберг, Борис Васильев туындыларын тәржімалаған. Қырғыз, украин, белорус, молдаван және басқа ұлт жазушыларын қазақша сөйлетті. Олар «Мансап пен махаббат» деген атпен жеке кітап боп шықты. 
1993 жылдан Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вицепрезиденті. «Парасат» орденімен және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен, Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Журналистер Академиясының академигі. Жамбыл облысы, Талас ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Жалынды жастық шақ. Эсселер. А., «Қазақстан», 1974; Еңбек Ері Ермеков. Повесть. А., «Санат», 2000; Күнді көлегейлеуге болмайды.