Сауық Жақанова | өмірбаяны

0
287

Қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақан Мәсіғұтқызы, 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. Қазақ. Әкесі – Жақанов Мәсіғұт, марқұм. Анасы – Жақанова Зайра, марқұм.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары – Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы – ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін».

Тұрмыс құрған. Жұбайы – Қомбаров Мәрлен, экономист. Ұлдары – Қомбаров Саян (1972 жылы туған), Қомбаров Ерлік (1981 жылы туған).