Сайымжан Еркебаев | өмірбаяны

0

Еркебаев Сайымжан (1935–1997) — 30 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданына қарасты Қурайлысай ауылында туған. 

1960 жылы Алматы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Біраз уақыт Доссор кәсіпшілігіндегі мектепинтернат пен Тайпақ ауданының Талап мектебінде неміс тілінен сабақ берген. 

1967—1971 жж. Қазақ радиосының әдебиет редакциясында редактор және бөлім меңгерушісі, 1971–1974 жж. Өзен геологиялықбарлау экспедициясында жұмысшы, 1974–1977 жж. «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлық коллегия редакторы, 1977–1980 жж. республикалық кітап саудасы бірлестігінің жарнама және насихат бөлімінде редактор. «Жұлдыз» журналында, «Кітап жаршысында», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Парасат» журналында істеді.

М.Е.СалтыковЩедриннің «Бір мұжық екі генералды қалай асырады» ертегілерін, Отто Шнайдерайттың «Иоганн Штраус және көрікті көгілдір Дунайдағы қала» деректі повесін, тағы басқа туындыларды қазақ тіліне аударған.

Шығармалары: Алғашқы адым. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Жолдар мен шақырымдар. Роман. А.,»Жалын», 1976; Жарылған бүр. Повестер. А., «Жалын», 1979; Ауыл кештері. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Менің Қожанәсірім келді де… Әзіл, оспақ. А., «Жазушы», 1983; Жел өтінде. Шығармалары. А., «Жазушы», 1993.