Home Жаңалықтар Түркістан облысында мектеп оқушысы асылып өлді

Түркістан облысында мектеп оқушысы асылып өлді

0
144

Бұл оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысында жасөспірім асылып өлді. Шардара ауданына қарасты Шардара ауылында тұрған 9-сынып оқушысы Жәнібек Жүзтайды өзін өлтіруіне мұғалімдер себеп болған көрінеді, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Бұл туралы марқұм соңғы хатында жазып кеткен.

Онда апалы-сіңлілі ұстаздар оқушыға бірнеше жылдан бері аузына келгенін айтып, қарғап-сілеумен келгені айтылады. Қазір бұл оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұм жасөспірімнің жақындары мұғалімдердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

Жүзтай әулеті екі айдан бері қара жамылып отыр. Қаңтардың ортасында небәрі 8 жастағы Жанболат көз жұмса, арада екі ай өтпей туған ағасы 14 жастағы Жәнібек өзіне қол салып өлді. Ағайынды қос ұлдан айырылып қалған туыстары 9-сыныптағы оқушының жастығының астынан соңғы хатын тауып алыпты. Хатта соңғы бірнеше жылдан бері қос мұғалімнің тізесін батырып келгені жазылған.

Бақыт Қалдыбеков, марқұмның немере ағасы:

– Баратова Айсұлу, Баратова Жанар деген апайлардың Айсұлу апай үнемі мені кемсітіп сөйлейді. Жексұрын, тәрбиесіз, жетесіздер, арамтамақтар деп. Анаң арамы деп 3 жыл бойы сол сөзді естіп келемін мектепте. Бұдан былай бұндайларға шыдай алмаймын, мектеп бітіруіме әлі 2 жыл бар. Өмірді бүйтіп қорлықпен ауыр, өмір сүргім келмейді. Кеше Жанболат қайтыс болғанда мектептен келе жатқанымда Жанар апай сауап болыпты өлгені деді.

6 жыл бұрын көз жұмған әкесін сағынғанын жазған оқушы «жетім» деп көзге шұқитын апалы-сіңлілі мұғалімдерді жазалауын сұрапты. Сондықтан туыстары барынша қатаң жазалансын деп талап етіп отыр.

Бақыт Қалдыбеков, марқұмның немере ағасы:

– Ақсақалдарын салып жатыр. Кешірсін деп. Біз кешіре алмаймыз. Кешірім бергенде де хатты өзіңіз де оқып отырсыз. Оларға да оқыттық. Сөйлеуге шамасы келмей кетті. Енді біздің талап-тілегіміз аузымен жасағанды, мойнымен көтеру керек енді.

Журналистер марқұмның жақындарымен сұхбаттасып жатқанда кешірім сұраған бір топ келді. Арасында екі мұғалім де бар. Тек, ләм-мим деуге шамасы келмеді.

– Балаға ауыр сөз айтты деп мектепте сіздерді. Рас па? Білуге бола ма сізден, а?

– Енді не көшеде сөйлесесіңдер ме?

– Иә, енді қай жерде сөйлесеміз?

– Біз құран оқуға келдік қой.

Ауылда суық хабар тез тарап, естіген жұрт жағасын ұстаған. Тіпті мектеп ұжымы да көп жылдар бойы жұмыс істеген әріптестеріне қолдау сөз таппай отыр.

Бақтыгүл Өтегенова, А.Әлімбетов атындағы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– Енді оқушыға шынымен сондай нәрсе істеген болса мүмкін емес қой.

– Жұмыс істеу ма?

– Иә, қалай болады ол. Кеткені дұрыс деп ойлайсыз ба?

– Енді оны өздерінің ары біледі ғой оны.

Жаға ұстатарлық жағдай бойынша қазір полицейлер «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Айып хаттың түпнұсқасы да ішкі істер бөлімінде.

Әзірге апалы-сіңлілі педагогтер жұмысын жалғастыруда. Ал екі айда бір үйден екі мүрде шығарған қаралы отбасы 14 жасар жеткіншектің денесін кеше ғана жер қойнына тапсырды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz