Сәду Машақов | өмірбаяны
Сәду Машақов (1906–1995) 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған.
1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде (1928–1960) бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Алматы қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1931–1932 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, Калинин майданында шыққан «Алға, жауға қарсы» газетінің редакторы, 1944–1945 жж. Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.
Алғашқы жыр жинағы «Колхоз жыры» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін «Балға жыры» (1933), «Жартас» (1934), «Отан үшін» (1938), «Кезеңдер» (1959), «Жылдар мен жолдар» (1962), «Сапарда» (1972), т.б. кітаптары, 1986 жылы «Ақ көңіл» деген атпен таңдамалы өлеңдері мен поэмалар жинағы шыққан. А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Тютчевтің, Д.Бедныйдың, тағы басқа орыс классиктерінің, татар ақыны Х.Тақташтың, башқұрт ақыны М.Кәрімнің өлеңдерін тәржімалаған. Сондай-ақ, чех жазушысы Ян Дрданың «Үнсіз баррикада» деген әңгімелер жинағын аударды.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.