Сабыр Адай | өмірбаяны

0

Сабыр Адай  1960 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанда дүниеге келген. 1981 жылы Алматы эстрадацирк өнері студиясының күй класын бітірген. Орал педагогикалық институтының филология факультетінде дәріс алған. Ұзақ жылдар мәдениет саласында еңбек еткен. Қазір республикалық «Үш қиян» газетінде қызмет істейді.

«Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жылуы», «Әр қазақ – менің жалғызым» атты жыр жинақтары жарық көрген.