Елеусінов – өз қарсыласы жайлы: Ол өтірік істеді

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиске қарсы жекпе-жек жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Менен көрермендер мен промоутер осындай жекпе-жекті қалады. Қысым жасап, кездесуді аяқтай алар едім, бірақ қате жібердім. Оған демалуға мүмкіндік бердім. Сол соққы ма? Иә, әрине, мен бақылауым керек еді, бірақ мен соққы жасап жатқанда оның отырғанын көрген жоқпын… Менің қолым соққыға қарай көтерілгенде ол тізерлеп отыра қалды. Бірақ ол өтірік істеді, мен дәй соққы жасадым. Ол қалпына келіп алу үшін көбірек уақыт ұтқысы келді. Үш минуттай жатқан шығар – бұл дегенің бір раунд қой», — деді Елеусінов.



Дереккөз: prosports.kz/kz