Сәбит Дүйсенбиев | өмірбаяны

0

Сәбит Дүйсенбиев — 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Шақпақ Баба ауылында туған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын «Жалын» баспасында редакторлықтан бастады. Бүдан кейінгі уақытта ол «Ұлан», «Түркістан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Денсаулық» журналында қызмет етті. [1]Жазушының «Жалын» баспасынан 1984 жылы «Тәтті алма», 1987 жылы «Қақпашы» және 1991 жылы орыс тілінде «Сладкое яблоко» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгіме-повестері, жинақтары жарық көрген. 2007 жылы Астана Жастар театры «Махаббат миниатюралары» атты әңгімелері бойынша сахналық қойылым жасаған. Жас жазушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық IX кеңесіне қатысқан.