Роллан Сейсенбаев | өмірбаяны
Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды. Пьесалары республикалық театр сахналарында қойылған.
Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысты.
Қазақстан комсомолы сыйлығының (1980), ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығармалары:
— Аңсау. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
— Өзімді іздеп жүрмін. Повесть. А., «Жалын», 1978;
— Өмір сүргің келсе. Роман. А., «Жазушы», 1978;
— Сағынып жеткен жаз еді. Повесть, әңгіме. А., «Жалын», 1981;
— Последний снег. Рассказы. М., «Молодая гвардия», 1978;
— Всего одна ночь. Повести, рассказы. М., «Советский писатель», 1980;
— Если хочешь жить. Роман, повести. «Советский писатель», 1983;
— Возвращение Казыбека. Повести, рассказы. А., «Жалын», 1984;
— Тау басында түйіскен жол. Роман. Повесть. А., «Жазушы», 1986;