Заманауи тәрбиешіге қойылатын заманауи талаптар

0

Нуртазина Орынганым Сериккалиевна,

«Ақбота» бөбекжай әдіскері

Заманауи тәрбиешіге қойылатын заманауи талаптар

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы Н.Ә.Назарбаев:-Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,-деп атап көрсеткен болатын.Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз.Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр.Демек,педагог біліктілігі-еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып,оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты,басты кепілдігі болып табылады.Білімді ұрпақты,бәсекеге қабілетті жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау.Балабақша-үйрететін орта,оның жүрегі-тәрбиеші.Ізденімпаз тәрбиешінің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның оқу қызметтерін түрлендіріп,баланың жүрегіне жол таба білуі.Тәрбиеші атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арындай таза ұстау-әр тәрбиешінің борышы.Ол өз кәсібін,барлық тәрбиеленушілерін,балабақшасын шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация тәрбиешісі-педагогикалық құралдарын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған,толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.Нарық жағдайындағы тәрбиешіге қойылатын талаптар.Бәсекеге қабілеттілігі,білім беру сапасының жоғары болуы,кәсіби шеберлігі,әдістемелік жұмыстағы шеберлігі болуы керек.

Балалармен жұмыс істеу барысында педагогтар алдында мынадай талаптар тұр.

*****************************************************************************************************************

Көрнекті педагог К.Д.Ушинский: «…Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтарменде,жақсы  әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін мадақтау жүйесімен ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие,-«деген болатын.

Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың ,нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,жаңа үрдісті педагогикалық мақсат ұстанымда бағалауға,педагогикалық іс-әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға,талдау мен өзін-өзі бағалау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Тәрбиеші-тәрбие жұмысын ұйымдастыру,реттеу,жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог.

***************************************************************************************************

технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін жаңа бағытта өткізу керек.

Заманауи білім берудің ерекшілігі:

-жаңа ақпарат беру;

-заманауи технологияны меңгерту;

-іздендіру;

-өз бетімен жұмыстарды орындау;

-ой-қиялын,сынай ойлауын дамыту;

-іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

-қызығушылықты,ынта-ықыласты арттыру;

-топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.

Өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттары

*Кәсіби шеберлігін,пәндік біліктілігін жетілдіру;

*Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру;

*Жалпы ой-өрісін кеңейту,жалпы білімін көтеру;

Педагогтың біліктілігін көтеру;

Әдістемелік тақырыппен жұмыс;

-Мәселелік семинарлар;

-Ғылыми,әдістемелік әдебиетпен жұмыс;

-Біліктілікті арттыру курстары;

-Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

-Өзара ашық оқу қызметтеріне қатысу;

-Кәсіби шеберлік сайыстарға қатысу;

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану

    Әдістемелік жұмыс сапасыПедагог құзыреттілігін дамыту,Озық іс-тәжірибені тарату,Үнемі жаңарту,Оқу үрдісін талдау,Жаңа технологияны меңгеру.

Педагогикалық технологиялар

*Ойын арқылы оқыту технологиясы;

*Модульдік оқыту технологиясы;

*Дамыта оқыту технологиясы;

*Ақпараттық технология;

*Ұжымдық оқыту технологиясы;

*Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

*Білім берудің ізгілендіру технологиясы;

*Интерактивті оқыту технологиясы;

Білім жетілдіру жұмысының маңызды түрлері

*Кәсіптік байқау-сайыстар,олимпиадалар;

*Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-тренингтер;

*Әдістемелік кеңестер мен пед.оқулықтар;

 

                                                          Үш байланыс

«Тек қана ата-аналармен бірге,жалпы күш-жігерде біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»

**************************************************************************************************************************

  • Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
  • Заман талабына сай бәсекеге қабілетті,білімді, іскер,ойлау жүйесі дамыған,логикалық тұжырым жасауға бейім,еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін ой-өрісін әрі қарай дамытады; балалардың білім сапасын арттырады;баланың тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;тұлғаны өзіндік жауапкершілікке,тұғырлы нәтижеге,бағытқа жеткізетін,шығармашылық бағалау жүйесі

Тәрбиешінің бағыттары бойынша жұмыс жүргізу нәтижесінде тәрбиеленушілер туған халқының тарихы мен мәдениеті туралы,өз құқықтары мен міндеттері туралы,денсаулықтың маңызы туралы жаман әдеттердің зияны туралы,қоршаған орта,табиғаттың пайдасы туралы,адамгершілік құндылықтар туралы,еңбектің маңызы туралы біледі,үйренеді,меңгереді.

Тәрбиеші жұмысы-өте күрделі жұмыс.Ол көп еңбекті ,жауапкершілікті,уақытты қажет етеді.Көрнекті гуманист-педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек»еңбегінде:

«Нағыз тәрбиеші бұғау салмайды,еркіндік береді;

-Басымдық көрсетпейді,-мақтап-мадақтайды;

-Намысына тимейді,-қалыптастырады;

-Бұйырмайды,-үйретеді;

-Талап етпейді,-сұрайды;

-Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеліске түседі»деген болатын.

Дидактиканың негізін салушы Ян Амос Коменский: «Алдымен сүю,содан кейін үйрету»-дейді.Баланы кішкене күнінен сүюге үйрету керек.Өйткені сүйіспеншілік пен сыйластық адамның ішкі дүниесіне және қоршаған ортасына тыныштық пен үйлесімділік орнатады.Сөзімнің соңында

Тәрбиешілер-ізгі жандар,ұстаздар

Шын шеберлер,өнерпаздар,дарқандар.

Әрбір бала жүрегінде бір ту бар

Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!

Сабақты толық қарау үшін және жүктеп алу үшін басыңыз…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!