Орынкүл Тәжиева | өмірбаяны
Орынкүл Тәжиева – 1943 жылы 3 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент қаласындағы медициналық училищені бітіріп, аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, республикалық «Лениншіл жас» газетінде, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып істеген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, одан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы №3 балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазір зейнет демалысында. Қаламгердің «Жетім қыз», «Қара қолғап», «Менің ауылымның адамдары», «Алтын жазулы алқа», «Шоқ жұлдызды Домалақ ана», «Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы» атты шығармалары жарық көрген.