Орынбай Шойбек | өмірбаяны

0

Орынбай Шойбек 1953 жылы 7 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, «Социализм» ауылында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан облыстық газеттерінде, облыстық әкімшілікте жауапты қызметтер атқарған. Біраз уақыт республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, тәуелсіз «Ар» газетінің Бас редакторы болған. Қазір «Ғасыр Ш» баспасының директоры.

 

1986 жылы «Жалын» журналы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің бірігіп жариялаған жабық бәйгесінде «Қателік» деген шытырман хикаяты үшінші орынды, 1995 жылы «Жалын» баспасы жариялаған дәстүрлі бәйгесінде «Әміршінің әлегі» атты повесі бас жүлдені иеленген.

Алғашқы туындылары «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары» ұжымдық жинақтарына енген. Содан бергі уақытта «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Саңырауқұлақ», «Әміршінің әлегі» повестері мен әңгімелері, «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» роман-дилогиясы, т.б. жеке кітап болып шыққан. 

2003 жылы шындық деректерге негізделген «Түрмеге түспейтіндер» атты детективті романы жарық көрді. 1999 жылы облыс әкімінің «Алтын қауырсын» жүлдесін, 2001 жылы «Жылдың үздік жазушысы» атағын иеленді.