Асылжан Бақытжанұлы ACA 93 турнирінде жеңіске жетті

0

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы (9-1) Санкт-Петербургте (Ресей) өткен ACA 93 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

 

Жартылай ауыр салмақта (93 кг) қазақстандық ресейлік Василий Бабичпен (12-8) кездесті.

Тартыс барлық үш кезеңге созылып, төрешілердің шешімі бойынша Бақытжанұлының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, қазақстандық файтер 9-шы жеңісіне қол жеткізді.



Дереккөз: prosports.kz/kz