Мұхтар Жанғалин | өмірбаяны
Мұхтар Жанғалин (1910–1975) — 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ пединститутының тарих факультетін бітірген.
1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.
Әдеби қызметін 30шы жылдары қоғамдықсаяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударды.
Аудармалары: Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1949; Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1950; А.Макаренко. Ұстаздық дастан (бірігіп аударған), А., ҚМКӘБ, 1951; Лев Толстой. Соғыс және бейбітшілік. А., 1963; Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза. А., «Жазушы», 1972; Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. ІІІ кітап. (Ғ.Ахмедовпен бірігіп аударған.) Екінші басылым. А., «Жазушы», 1985.