Мұхтар Құл-Мұхаммед | өмірбаяны
Мұхтар Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты: мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы.
Еңбек жолы: 1983-92 жж. — Қазақ энциклопедиясында аға ғылыми редактор, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1992-99 жж. — «Атамұра» корпорациясын басқарды.
1999-2001 жж. — депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы.
2001-03 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003-04 жж. — Президент кеңесшісі.
2004 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2004-06 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы.
2007 ж. — Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешенінде арнаулы өкілі.
2008 ж. мамыр айынан Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
2008 — 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі.
2010 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 жыл), «Құрмет (2004 жыл) және «Парасат» (2010 жыл) ордендерімен марапатталды.
Все права защищены.
При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.
При использовании материалов BNews.kz:
— в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях — бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;
— в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».