Мұхаммед Сүлейманоғлы Физули | өмірбаяны

0

Мұхаммед Сүлейманоғлы Физули (1494-1556) — азербайжан ақыны. Азербайжан, парсы, араб тілдерінде жазған. Шығармалары қолжазба күйінде тарап, 19ғ-да Азербайжан, Түркия, Ирак және Орта Азия елдерінде бірнеше рет жарияланған. Бізге жеткені 11 қасида мен бір өлеңнен тұратын (барлығы 450бәйіт)араб тіліндегі жинағына. Ф-дің поэтика. мұрасынан елеулі орын алатыны — лирикалары мен қасидалары. Ф. туындылары қазақ оқырмандарына кептен таныс. Оның мұрасының шырқау шыңы — «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Абайдың немере інісі, қазақтың көрнекті ақыны Ш. Құдайбердиев қазақ тіліне аударған. Абай Ф-ді езіне ұстаз санаған. Ақынның шығыс поэзиясы классиктерімен, соның ішінде Ф. туындыларымен танысуы медреседе оқып жүрген кезінде басталған (қ. Шығыс әдебиеті). Осы кезеңде жазған «Физули, Шәмси, Сәйхали» өлеңінде шығыс классиктерін тілге алып сиынады, олардан медет тілейді.