Мирас Мұқаш | өмірбаяны

0

Мирас Құлтөлеуұлы Мұқашев 1985 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы №92 қазақ-орыс орта мектебін бітірді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.




Көптеген республикалық басылымдарда жұмыс істеді. «Хабар» Агенттігінде «Жаңалықтар» бөлімінің тілшісі, Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі болып қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап «Жетінші арнада» «Нысана» қорытынды бағдарламасының тілші-редакторы. 

Мирастың әңгімелері көптеген басылымдарда және «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» жинағында жарияланды. «Ақ шағала» атты прозалық кітабы жарық көрді.

 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.