Константин Майбогов | өмірбаяны
Константин Майбогов (1909–1997) 2 қазанда бұрынғы Астрахань губерниясының Бирючья Коса селосында туған. Мәскеудің К.Либкнехт атындағы мемлекеттік институтының тарих пәнінің мұғалімі, қалалық партия комитетінің лекторы болды.
1943 жылы Владивосток қаласына ауысты. Өлкелік радио комитетінде қызмет істеді. Приморье өлкелік кітап баспасының бас редакторы болды.
1946 жылдан үлкен эпикалық шығарма – «Черный камень» романын жазып, оның екі бөлімін 1952–1953 жж. Приморье өлкелік баспасында шығарды.
1956 және 1968 жылдары роман қайталап басылды.
1962 жыл «Таежные великаны» романы жарық көрді. «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы еңбектегі ерлігі үшін», В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің XX жылдығы» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Шығармалары: Черный камень. Роман. І часть. В., «Приморье», 1952; Черный камень. Роман. ІІ часть. В., «Приморье», 1953; Таежные великаны. Роман. В., «Приморье», 1962.