Зейнеттегілер ерігіп жүр деп ойлайды-ау деймін осы жұрт?

0

Зейнеттегілер ерігіп жүр деп ойлайды-ау деймін осы жұрт?

Телефонмен ұзақ сөйлескеннен ұнатпайтын нəрсем жоқ.

Бүгін бір таныс əйел қоңырау шалды. Сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Əлі тыңдап тұрмын, əлі шыдап тұрмын. Ішімнен осы ақпараттың маған керегі бар ма, жоқ па деп қоям. Жарты сағат өтті. 50 минут өтті. Бір сағат! Басым ауыра бастады. Сосын кешірім өтініп, тұтқаны қоюым керек екенін айтып, бұймтайын сұрадым. Бұйымтай жоқ, жай əншейін қаліңді білейін деп ем дегені. Ойпырмай десеңші, жай əншейін қалды білуге жарты минут аз ба? Туу, қайран уақытым! Бейшара құлағым! «Қоқысқа» толған «чердагім»!)

Зейнеттегілер екі қолын алдына сиғыза алмай ерігіп жүр деп ойлайды-ау деймін осы жұрт?) Айтпақшы оның өзі де зейнеткер емес пе:) Əлде өзі қатты зеріге ме екен?

Маған тəулігіне бір минут қарыз беретіндер табылса бөркімді аспанға ата қуанар едім:)

Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 389    Пікірлер: 0