Ілияс Байтұрсын | өмірбаяны

0

Ілияс Байтұрсын (1939–2003)

Торғай облысының Торғай елді мекенінде дүниеге келген. 

1963 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 

1963 жылы Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газетінде еңбек жолын бастаған. Бұдан кейін көп жылдар бойы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қостанай облысындағы арнаулы тілшісі болған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының доценті болған.

«Тың түлектері», «Тоғыз перне» атты жыр кітаптары мен деректі прозалық кітаптары жарық көрген. Көптеген топтамалық жинақтарға өлеңдері мен очерктері енген.

Шығармалары: Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1990; Алтын бесік – Қостанай. А. Байтұрсыновтың өмірін зерттеуге арналған еңбек. 1998.