Харуки Мураками | өмірбаяны

0

Харуки Мураками (жапон. 村上 春樹 Мураками Харуки, 12 қаңтар 1949 жыл, Киото) — атақты жапон жазушысы және аудармашы. Постмодернизм бағытында жазады. Мураками ағылшын тілінен жапон тіліне Фрэнсис Скотт Фицджеральд, Труман Капот, Джон Ирвинг, Джером Сэлинджер және тағы басқа XX ғасырдағы американ прозашыларының шығармаларын, сондай-ақ Ван Альсбург пен Урсула ле Гуиннің ертегілерін аударған. Атақты «Егеуқұйрықтар» атты трилогиясы бар.