Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігіне отырған екі адам зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 наурыз — Sputnik. Алматыда Қалқаман шағын ауданында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты Әшімов және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mercedes E Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатады. Жүргізуші «Жол бер» деген белгіні байқамай немесе мән бермей Әшімов көшесіне атып шығады. Сол сәтте бұл көшемен жедел жәрдем көлігі келе жатқан екен.

Жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп, жедел жәрдем көлігін бүйірден соғады. Жедел жәрдем көлігі бір қырына аударылып, ал Mercedes қатты соққыдан шыр көбелек айналып, арыққа түсіп, жол белгісіне соғылады.

Sputnik

Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.



sputniknews.kz