Геннадий Доронин | өмірбаяны

0

Геннадий Доронин 1945 жылы 18 маусымда Орал қаласында туған. 

1964–1967 жж. Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген. 

1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін тамамдаған. Әр жылдарда Өскемен қаласындағы облыстық телевидение студиясында тілші, Оралдағы телевидениеде аға редактор болып қызмет еткен.

Қазіргі кезде «Казахстанская правда» газетінде Бас редактордың орынбасары. 

«Старый друг уезжает» (1985), «Пятый десяток» (1987), «Между пунктами назначения» (1989), «Жизнь и смерть Буратино» (2006) сияқты прозалық кітаптардың авторы.