Юлия Галышева Әлем кубогында қола жүлдеге таласудан бас тартты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан құрамасының бас бапкері спортшының бұл шешіміне не себеп болғанын айтты

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Бүгін 24 ақпанда Жапонияның Тадзавако қаласында Әлем кубогы аясында параллель могулдан жарыс өтті. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева төртінші орын иеленген. Спортшының қола жүлде алуға мүмкіндігі болған еді, бірақ ол кіші финалға қатысудан бас тартты, деп хабарлады ұлттық олимпиадалық комитет.

Команданың бас бапкері Елена Круглыхина бұл шешімге не себеп болғанын түсіндірді.

Галышева жартылай финалға еш қиындықсыз жеткен. Әлем чемпионы барлық кезеңнен сүрінбей өткенімен, 1/2 финалда француз қызы Перрин Лаффоннан жеңіліс тауыпты.

«Юляның жағдайы жақсы. Ешқандай жарақат алған жоқ. Біз төрешілердің шешімімен келіспедік. Сол себепті Юляның өзі кіші финалға қатысудан бас тартты»,- деді Круглыхина.

Атап өтсек, жарыс қорытындысы бойынша алтын жүлдені Лаффон, екінші орынды Джейлин Кауф (АҚШ) иеленіп, Энтони Джакара қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Галышева олимпиадалық могулдан қола медаль ұтқан болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз