Ғазиз Сапаев | өмірбаяны
Ғазиз Сапаев 1926 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына қарасты қазіргі «Ақ мектеп» селосында туған.
1947 жылы Семей қаласында мұғалімдер институтын, 1952 жылы педагогика институтын бітірген. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, Семей облысының Аягөз ауданында және Семей қаласында он екі жыл мұғалім болып істеп, мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1959–1981 жж. Семей облыстық «Семей таңы» газетінде мәдениет және оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1981 жылдан бері шығармашылық жұмыста.
Жеке кітап болып шыққан бірнеше повестің, Семей облыстық драма театрында қойылып жүрген бір-екі пьесаның авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, медальмен марапатталған.
Шығармалары: Жыл жемісі. Повесть. А.., ҚМКӘБ, 1963; Менің көгершінім. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Гүлдана. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1977; Туған жерден алыста. Повесть. А.,