Қазақстанда бірнеше министрлік қайта құрылды

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылды. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

Президент жарлығына сай, бұл ведомство «цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деп аталады.

Ал ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен қоғамдық даму министрлігі біріктіліріп, енді бұл ведомство «ақпарат және қоғамдық даму министрлігі» деп аталады. Жарлыққа 25 ақпанда қол қойылған.

25 ақпанда Асқар Мамин Қазақстан премьер-министрі қызметіне тағайындалған.

21 ақпанда Назарбаев мәлімдеме жасап, үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған. Президент жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін үкімет жетекшісі қызметін атқаруды Асқар Маминге жүктеген еді.

Азаттық