Естөре Оразақұлы Оразақов 1909 жылы қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында туған. – 27.7.1986, Алматы) – ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961), 1924 – 26 ж. Форт-Шевченко балалар үйінде тәрбиеленіп, 1926-28 ж. Оралдағы а.ш.техникумында оқиды. 1936 ж. Алматыдағы Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) үздік бітірген. 1928 – 30 ж. Форт-Шевченко қаласында балалар үйінің тәрбиешісі, меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі. 1936 -38 ж. Оңтістік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданында дәрігер, аурухана меңгерушісі, 1938-39 жылдары «Каменское плато» санаторийінің бас дәрігері, 1939-41 ж. Қазақ КСР-і Мин.Кеңесі ауруханасының санаторий бөлімінің меңгерушісі, 1941-42 жылдары әскери аурухана дәрігері, 1943 жылы Қазақ өкпе аурулары институтында ординатор, 1943 — 53 жылдары «Шымбұлақ» балалар санаторийінің бөлім меңгерушісі және бас дәрігері, 1953 – 82 жылдары Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ғылыми консультант болды.
Негізгі ғылыми еңбектері іштен туа біткен ортопедиялық ауруларды емдеу мәселесіне арналған. Естөре Оразақов республикада балалар ортопедиясының негізін салды. Полиомелит, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан, жарақаттанған балаларды сауықтыру жүйесін жасап, гипс орнына «Коллосиликат» қоспасын ұсынды. Ол шұбаттың шипалық қасиетін зерттеп, Мағыстаудағы «Тұщыбек» санаторийін ашуда елеулі еңбек сіңірген. Көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Оразақов 80-ге тарта ғылыми еңбектердің авторы. Басты еңбектері: «Колхоз балабақшасы» (1940 ж.), «Дәрігерлік кеңес» (1960 ж.), «Өкпе ауруларын емдеу» (1962 ж.), «О дүниеден оралған жан» (1965 ж.), «Қайта соққан жүрек» (1969 ж.), «Дәрігер парызы» (1973 ж.), «Дәрігер жолы» (1976 ж.) т.б. Маңғыстаудағы «Тұщыбек» санаторийі Естөре Оразақовтың есімімен аталады.
Қаралым саны: 77