Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

0
92
Advertisement


Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

Мазмұны
1. Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздері … … … … … …

0.1. Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру педагогикалық-психологиялық мәселе ретінде
0.2. Жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері … … ..
1.3 Жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

1. Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі … … … … … … . … … … … … … … … .

2.1 Жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолдары … … … … … … … … … … … … … …

2.2 Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстың нәтижелері … … … … …

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Қысқаша атауы
Толық атауы

ҚР
Қазақстан Республикасы
БҰҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымы
ғғ.
ғасырларда
ТМД
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан түрлі әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты жетім балалардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Осы мәселеге байланысты жетім балаларға қатысты сұрақтар, оларға тәрбие беру, білім беру, сонымен қатар олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тек аранйы педагогика ғылымында емес, сондай-ақ жалпы педагогика, психология ғылымдарында да көрініс тауып отыр.
Статистикаға сүйенетін болсақ, бүгінгі күнде елімізде 29 666 жетiм мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала өмір сүреді екен. Оның iшiнде қазақстандық азаматтардың отбасыларында 19 761 аса бала қамқоршылықтың аясында өмір сүруде, ал 1839 бала – патронаттық үйлерде тәрбиеленіп жатыр. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8066 астам бала жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мекемелерде мемлекеттің қарамағында және толық мемлекетпен қаматасыез етіліп отыр.
Бүгінгі таңда жетімдік айтарлықтай мәселе болып отырғандықтан, оның шешу жолдарын қарастыру мен табу мемлекеттің арнайы өкілдерінің мойнына жүктелген. Соның бір айғағы ретінде 2007 жылы қабылданып, бекітілген және қазіргі таңда жүзеге асып келе жатқан Қазақстан балалары бағдарламасын айтуға болады. Аталмыш бағдарламананың мақсаты – балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімді әрі маңызжы жүйесін қалыптастыру және оларға толық қамтамасыз етіліп өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады [1].
Жалпы, жоғарыда көрсетілген мәселе айтарлықтай күрделі сұрақтардың қатарына жататындықтан, бұл мәселе еліміздің құқықтық-нормативтік құжаттарында психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық тұрғысынан да қарастырылып, айтарлықтай нәтижелер шығарылуда. Бұл мәселе әр түрлі жағдайлар мен кезеңдерге байланысты бүгінгі күнде өзекті де, көкейкесті мәселелердің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030 даму стратегиясында жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың дұрыс тәрбие алып, жеке тұлға ретінде қалыптасуының бірден бір факторы ретінде ұлттық құндылық пен тәрбие көрсетілген. Мәне, осыған сәйкес қазіргі таңда жетім балалардың тәрбиесіне аталып өткен ұлттық құндылықтар мен ұлттық тәрбие тұрғысынан назар аударылып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша сұрақтардың шешу жолдары қарастырылып, қажетті іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жалпы, жоғарыдағы мәселеге түрткі болған құндылық ұғымына қысқаша тоқталып өтсек. Негізінде құндылық ұғымына ең алғаш философия тұрғысынан анықтама берген неміс философтары Р.Лотце мен Г.Коген болатын. Олардың пікірінне сүйенсек, құндылық әркез адам баласы үшін маңызды болғанын және осы күнге дейін маңызды екендігін аңғартады. Сонымен бірге құндылық ұғымымен қатар оның түрлі көріністеріне жататын және адамның белгілі бір іс-әрекетін, сұлулығын, қайырымдылығы мен мейірімділігін сипаттайтын эстетикалық және этикалық ұғымдар қолданылды.
Оның ішінде ең маңызды деп ұлттық құндылықтарды айтуға болар еді. Кезінде өз ұлтын қадірлеп, өастерлеп өткен қазақтың бір туар ақыны, білді азаматтардың бірі Ж.Аймауытов былай деген екен: Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді. Ал белгілі қолбасшы Сырым Датұлы: Мен ағайынды екеумін: бірі-өзім, екіншісі-халқым – дейді. Ұлы ойшыл, философ М. Х. Дулатидің пікірі бойынша жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде дамыту, оларды мәдени дағдыларды игеруге үйрету, сондай-ақ әр уақытта әділдік жолымен жүруге шақыру, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ екендігін баса айтқан.
Жалпы, жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы бұл өте қиын және күрделі, сонымен бірге үлкен қарама-қайшылықпен қатар жүретін процестердің бірі деп айтсақ та болады. Себебі, жеке тұлғаның дамуы мен әрі қарай қалыптасуы қарама-қайшылықтар күресінен туындайды. Осының негізінде швейцар педагогы, педагогикалық теория мен практиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан XVIII соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген атақтты педагог-гуманист И.Г.Песталоции Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқулықтың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты -деп ерекше атап көрсеткен. Ол бұл пікірімен әрбір халық өзінің ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарын пайдалану арқылы баланың ішкі жан дүниесін рухтандыруды басты идея қылып алады.
Сондай-ақ ұлттық құндылықтар жөнінде, олардың тәрбиелік маңызы жөнінде ұлы ғұламалар, атақыт философтар мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен ұлы педагогтардың ойлары, пікірлері мен көзқарастары, атап айтар болсақ, Қожа Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұн, Әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов және т.б. бүгінгі күнге дейін өзінің мән-мағынасын жоғалтпай, ұрпаққа дейін жетіп отыр. Ал бүгінгі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп тұжырымдайды: Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз. Сол себепті өсіп келе жатқан ел болашағы болатын ұрпағымызды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің, бойынша адамгершілік қасиетттер мен Отанына, еләне деген сүйіспеншілігін сіңірудің маңызы өте зор болмақ.
Жоғарыда айтап көрсетілген ұлы тұлғалардың ой-пікірлері мен қатар, қазіргі таңдағы ғалымдар да аталмыш мәселені күні бүгінге дейін зерттеп келеді. Мысалы, жетім балалардың жан-жақты ерекшеліктерін мен олардың психологиялық және педагогикалық тұрғысынан даму өзгешеліктері жөнінде Дж.Боулби, И.М.Багажнова, А.Г.Рузская, С.А.Беличева, Е.М.Рыбиновский және т.б. қарастырған болатын. Ал Н.Н.Толстых, О.Ажнина және А.М.Прихожан жетім балалрдың психикалық дамуындағы басты ерекшеліктерін сөз еткен болса, М.В.Осорина жетім баланың жеке дамуы мен қалыптасуын, сондай-ақ және даму барысындағы орын алған өзгерістердің өзара байланысын анықтады. В.С.Мухин балалар үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер мен ауытқушылықтардың негізгі себептерін зерттеп, өз ойын тұжырымдаған. Ал, Г.М.Сысоева мен Л.С.Славина жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірлік мүмкіндіктерін жоғалтпауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырумен айналысқан.
Ал еліміздің ғалымдары мен педагогтары арасында мінез-құлықтың ауытқуын Л.К.Керимов, Г.А.Уманов, В.В.Трифонов және т.б. педагогикалық және психологиялық тұрғысынан қарастырып, нәтижелерін шығарған. Ал әлеуметтік ғылымдардың доценті, профессор Ш.Е.Жаманбалаеваның аталмыш мәселеге қатысты еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік негіздері зерттелген, дегенмен аталмыш жұмыс, біздің қарастырып отырған мәселеге де қатысы бар, себебі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды девиантты және қиын балалар қатарына жатқызуымызға болады.
Жалпы, жоғарыда аталып өткен зерттеу жұмыстарын қарастырып, талдау барысында жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен балалар үйінде тәлім-тәрбие алып жатқан оқушылардың бойында әлі де болса қалыптаса қоймаған ұлттық құндылықтардың жалпы ерекшелігі олардың өмір сүру ортасына, яғни біреулерінің өздерінің туған отбасыларында, ал екіншілерінің арнайы мемкемелерде тәрбиеленп жатқандығы ғана емес, сонымен қатар қоғам арасында өмір сүруың, сол қоғамда белгілі бір орынды иеленуіне де байланысты екендігін аңғартады. Қарастырып өтырылған мәселе бойынша талданып, зерттелген мәліметтердің аздығына байланысты арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар тұлғасының даму ерекшеліктеріне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан тоқталып, оларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және бойына ұлттық қүндылықтарды қалыптастыру сұрақтарына аталмыш зерттеу жұмыста тиек етіп, аталмыш сұрақты зерттеу қажеттілігі туындады. Сонымен жоғарыда көрсетілген атақыт ғалымдар, педагогтар мен ұлы ойшылдардың еңбектерін саралай отыра, аталмыш мәселенің өз деңгейінде зерттелмегені айқындалды. Сондықтан қарама-қайшылық туындауына байланысты жіне оны шешу жолы ретінде зерттеу жұмысының тақырыбын Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және және оны эксперимент барысында тексеру.
Зерттеудің нысаны: балалар үйіндегі тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер:
жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ұғымының мәні ашылса;
жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп;
жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері айқындалса;
– жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдары айқындалса;
жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері жүйелі түрде жетім балаларды оқыту, тәрбиелеу үдерісіне ендіріліп, қолданылса онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі белсендендіретін Мен ұғымы қалыптасқан тұлға дамиды, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам талабы.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесін педагогикалық-психологиялық мәселе ретінде қарасытру;
oo және жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ұғымының мәнін ашу;
oo жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау;
oo жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыру;
oo жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың эксперимент жүзінде тексеруден өткізіп, нәтижелерін шығару.
Зерттеу жұмысының көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, БҰҰ Балалар құқығы туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы Заңы, 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан балалары бағдарламасы, конституциясы және басқа құжаттар, оқу-әдістемелік құралдар, атақты педагог пен психология саласының ғалымдарының еңбектері.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тиімділігі тәжірибе-эксперимент негізінде сынақтан өтті, сонымен қатар:
oo Ұлттық құндылықтарды дәріптеу тесті алынды;
oo Мақал-мәтел тесті өткізілді;
Зерттеу мазмұнын, жүргізілген эксперименттің нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, арнайы колледждерде, жетім балаларды тәрбиелейтін мекемелердің оқу-тәрбие процесінде,жетім балалар үйiнің iс-тәжірибесiнде және орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдістері: педагогикалық тест, сауалнама, сұрақ-жауап, сұхбат жүргізу, әңгімелесу, ранжирлеу, баға беру, математикалық өңдеу әдістері, педагогика эксперимент нәтижелерін сұрыптау, зерттеу жұмысы мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасап, жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесін талдап, қорытындылау, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезең: зерттеу мәселесі бойынша қажет материалдар жиналып, бір жүйеге келтірілді, ұлттық құндылықтарға байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер сараланып, жинақталды.
Екінші кезең:оқу пәндері, бағдарламалар,оқу жоспарлары және әдістемелік әдебиеттер талданып, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекеті мен тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдары айқындалды.
Үшінші кезең: ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмыстары бойынша нәтижелер дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.
Зерттеудің базасы: Астана қаласындағы SOS балалар ауылы жәнеАстана қаласы әкімдігінің Балалар үйі.

1. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3.1 Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру педагогикалық-психологиялық мәселе ретінде

Ұлттық құндылықтар ата-бабамыздан дарып келе жатқан ұлағатты мұра.
Кез келген ұлт өкілінің өзіндік құндылығы болады. Белгілі бір ұлтты екінші ұлттан айрықшалап тұратын сол ұлттың діні, тілі, сал-дәстүрлері мен әдіт-ғұрыптары, мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштары, ертегілері, ұлттық өнері мен қолөнері, ұлттық бұйымдар мен халықтың менталитеті және т.б. ұлтқа тән қасиеттері. Осы атлғандардың барлығы ұлттық құндылықтар қатарына жатқызылады.
Бүгінгі таңда біз өзімізідің ұлттық құндылықтарымызды қандай деңгейде ұстап, қандай деңгейде сақтап жүргеніміз де аса айтарлықтай емес. Кеңес дәуірінде өмір сүрген уақытта біөзідң ұлттық құндылығымызды жоюға ұмтылды. Алайда, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміздің патриотты азаматтар өз ұлттық құндылығымызды қайтадан қалпына келтіруге, қайтадан аяққа тұрғызуға ниеттеніп, бет бұрды. Сол уақыттағы биліктің іс-әрекеті, нарықтық қатынас пен әлемдік қауымдастыққа кіру деген сылтаулар көбейіп, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға аса назар аударылмады.
Бүгінгі заманда ұлтымыздың ұлттық мүддесіне назар аударудың, әркім өзінің жағдайын ғана ойлайды. Қазіргі заман – материалдық құндылықтарды алдыңғы орынға жайғасатын заманы, осы тұрғыда ұлттық құндылықтарға аса мән берілмей, ескерілмей жатады. Әр халық өзінің ұлттық құндылығын келешек ұрпағына мирас етіп қалдырып отырған, әсіресе ата-бабаларымыз салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, бүгінде ол – келешек ұрпақтың баға жетпес мұрасы. Сол себепті ұлттық құндылық халқымыздың ұлттық меншігі болып табылады. Аталмыш құндылықығымызды халқымыз жоғалтпай, дәріптеп, сақтап қалуға тырысып, әрі қарай дамытып отыруы тиіс.
Негізінде құндылыққа байланысты сұрақтар бұрыңғы Сократ заманынан бері бастау алып келе жатыр. С.Нұрмұратовтың пікірінше, атақты философ Сократтың игілік атты ұғымды басқаларынан жеке дара бөліп, оған аса мән бергені – құндылықты бейне-болмысқа жақындатқаны деп есептейміз. Сонау заманнан басталған аталмыш мәселе кейінде жеке дара ғылым ретінде ерекшеленіп, қаарастырылып келеді.
Жалпы, құндылықтың негізін құрап, сонымен қатар оны зерттейтін салан аксиология деп талады. Аталмыш ұғым герк тілінен аударғанда құндылық деген мағынаны береді. Жалпы, құндылық ұғымына тұңғыш рет анықтама берген атақты философтар Лотце мен Коген болса, ал саланың ғылыми жағынан дамып, әрі қарай зерделенуіне үлес қосқан неміс ғалымдары Ницше, Кант, Гегель, Кассирер және т.б. болған. Мысалға алатын болсақ, Кассирер құндылық ұғымына келесідей анықтама береді. Құндылық – бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем – деген. Қазақ совет энциклопедиясында: Құндылық – обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым, -деп берілген. Жалпы, құндылық екі үлкен компоненттен құралады: саналық және пәндік.
Тәрбие беру мен білім берудің басты тірегі – педагогика ғылымында құндылық ұғымы білім беру мен тәрбие беру үрдісі арқылы іске асады, ал ұлттық құндылық деп отырғанымыз белгілі бір ұлтқа сай, соның менталитетіне тән адам болмысындағы ұлылықтың өсіп-жетілген жемісі болып табылады. Құндылық белгілі этникалық және әлеуметтік қауымдастыққа дамып, сол негізде қалыптасатындықтан, оның мәдени, діндік, мұраттық маңызы өте зор болып келеді.
Жалпы, ұлттық құндылық түсінігіне анықтама бере кетейік.
Ұлттық құндылық дегеніміз – әр ұлттың өзіндік ұлтқа тән ерекшеліктері мен өмір салтына тән сонау ғасырдар бойы жинақталған рухаи және тұрмыстық мұрасы. Әр елді екіншісінен айырып, ерекшелейтін белгіліердің бірі – ол оның ұлттық құндылықтары болып табылады. Ұлттық құндылық ұлттық идеяның басшысымен құралатындықтан, ол әрбір халықтың әлеуметтік және мәдени негізі рөлін атқарады.
Осыған сәйкес, жалпы біз жетім балалардың ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда келесі аса маңызды ұғымдардың орны ерекше болмақ.
Ол ең алдымен, ұлтаралық мен Қазіргі таңда біздің қоғамда ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық дамып, өркендеп келеді. Сондай-ақ өзінің мағынасын жоғалтпай, күні бүгінге дейін сақтап келеді. Ал ұлттық құндылықтар еліміздегі толеранттылықтың басты қалаушысы болып саналады.
Ұлтаралық келесім мен саяси тұрақтылықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатында – Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. Аталған ассамблеяның басты мақсаты – елімізде өмір сүретін басқа ұлт өкілдері мен этностардың мүдделерін көрсету. Яғни, мұндағы басты айтарымыз еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің кқптігі, олардың тату-тәтті өмір сүруі жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың, дамытудың бірден-бір жолы десек те артық айтқандық емес, себебі әр ұлт өкілімен аралс-құралас болу, тіл табысу, пікір алмасу – бұл баға жетпес байлық және рухани тұрғысынан қажет нәрсе болып табылады.
Сонымен бірге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы Мәдени мұра атты бағдарламаның іс бастағаны белгілі. Аталмыш бағдарлама шеңберінде соңғы жылдары Қазақстанда
Осы бағдарлама аясында соңғы жылдары елімізде 35 тарихи-мәдени маңызы бар және ұлттық мәдениет үшін маңызы зор сәулет өнері ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, 30 археологиялық зерттеулер, 17 қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру, шетелдік қолжазбалар мен сирек кітаптар қорларына астам күрделі археографиялық экспедициялар өткізу, Қолжазба деректер қорына бай Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей, Армения мемлекеттерінде 30-дай іздену жұмыстары жүргізіліп, 5,0 мыңға жуық құнды деректер табылып, қажетті ксерокөшірмелері мен микрокөшірмелері сатылып алынды, қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты түйінді ғылыми мәселелерді зерттеу және көпшілікке тарату, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және баспадан шығару, ғылымның әр түрлі саласындағы 200-ден аса фундаменталды ғылыми басылымдарын шығару, тарихи-мәдени мұраның бір бөлігі ретінде деректі мұраны тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етудің біртұтас жүйесі құру жұмыстары жүргізілді.
Президентіміз айтып толеранттылық халқының құндылығы әрі болып Ол халқының ғасырлық мен нормалары қалыптасты. Жеті Қонақ Асар, Сабырлылық түсініктер дүниетанымдары мен салт-дәстүрі қалыптасқан. құндылықтардың біздің үйімізде пен сақталған. да, қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени қазақтардың жалпы маңыздағы емес мұраның ретінде қажет
Жалпы, жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда олардың тұлғалық-психологиялық даму ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Жалпы отандық ғалымдар арасында педагогика ғылымдарының кандидаты Асылбекова М.П. өзінің Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру атты еңбегінде келесідей анықтама берілген:Балалар үйінің тәрбиеленушісі – ана тілін еркін меңгерген, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін түсінетін, жеке дара психикалық процестері, жағымды мінез-құлық пен қарапайым еңбек дағдылары қалыптаса бастаған тұлға.
Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі -жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. «Жетім»ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин (сурет 1).

Жетім ұғымының анықтамасы

Ата-анасы қайтыс болған балалар

Белгілі бір себептерге байланысты ата-анадан айырылғандардың балалары мен тастанды балалар

Жетім – ата-анасы немесе шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала
Әлеуметтік жетімдер
Таза жетім
Кәмелетке дейін мемлекет қамқорлығындағы және одан кейін тиісті заң бойынша белгіленген жеңілдіктерді пайдаланушылар
XIX-XXI
ғғ.
Жетім – ата-анасы жоқ балалар
Жетім балаларды төменгі сатыдағы адамдар деп есептеген
XIV-XVIII ғғ.
Жетім ұғымы – шаруа терминімен қатар феодалдарға қарсы атау ретінде қолданылды
Жетім – кедей шаруа балалары
X-XIV ғғ.

Сурет 1. X -XXI ғасыр аралығындағы жетім ұғымының анықтамасы.
Қазақстан және қамқорлығынсыз балаларды толғанша тікелей алады, кәмелетке кейін де жоғары оқу қабылдануына, орналасуына, қамтамасыз заңдарда негіздерде жеңілдіктер .
Бұл жөнінде тарапынан жатқан жүздеген , үйі мен шектеулі арналған және т.б. жұмысынан аламыз. балалар байланысты бірқатар құжаттарда қамқорлығынсыз балалардың , отбасында ,, тұрғысынан дамуы, алуы және жағынан етілуі [8].
Қазіргідей елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле бастаған тұста бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады. Мысалы, патронаттық тәрбие.Патронат-ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді.Патронаттық тәрбие-балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі.
Жалпы балалар үйі жағдайындағы жетім балаларды жаңа қоғам өміріне қосу үшін, келесідей шарттар орындалуы қажет:
– оларға өмір бойы қызмет ететін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалып-тастыруға және ғылымның басты байлықтарын, ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз беттерімен шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімдеуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі өмірде қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байла-нысты алдағы еңбек жолында керек болатын білім негіздерімен, дағды-іскер-ліктерімен және біліктілікпен қаруландыруға үйрету;
– оқу үрдісін барынша ізгілендіру мен гуманитарландыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, тәрбиеленушілерге жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық мәдениет, ғылым, тіл, өнермен ұштастырыла тәрбиелеудің негізінде жеке тұлғаны ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білетін әрі қастерлейтін адамгершілігі мен мінез-құлық мәдениеті жоғары адамзат ретінде тәрбиелеуге үйрету;
білім берудің басты принципі -жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және же-тілдіріп дамыту қағидасын басшылыққа ала отырып, оқытудың барлық саты-лары мен деңгейлерінде жетім балалардың жеке тұлғасын қалыптастырып,одан әрі дамытып отыру үшін даралап және саралап оқытуға, оқыту үрдісінде үнемі жаңадан жетілдірілген әдістерді және ақпараттық технологияны мүмкіндігінше пайдалануға, оқытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен ұштастыруға, олардың өздігінен денсаулығын нығайтуына, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сөйтіп, қоғамдық өмірде үнемі белсенділік көрсететіндей, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен өзін асырайалатындайетіп,тәрбиелеу;
– ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық психология мен этиканың, өнердің компоненттерін барлық пәндердің мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болады;
– жетім балалардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптас-тыруға, олардың санасында өзге ұлт өкілдеріне құрмет пен сыйластық, достық пен ынтымақтастық сезімдерін сіңдіруге, оларға азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім принциптерін үнемі түсіндіріп отыруға міндетті [14].
Жоғарыда айтылған іс-әрекеттер балалар үйіндегі немесе интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілерді ақырындап жұмыс істеп тұрған қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетіне тартқан жағдайда ғана нәтижелі болатыны дәлелденген. Сонымен қатар, Балалар үйіндегі және салыстырмалы түрде әлеуметтік жағдайы сәтті балалардың жетім балалармен әрекеттесуі өзара бірін-бірі толықтыратын қарым-қатынас мүмкіндігін беріп қана қоймай, сонымен қатар мекеме беріктігіне кепіл болады. Бұл жағдайда, әрине жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері маңызды орын алатыны сөзсіз.

1.2. Жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

Бүгінгі заман қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамдық ортада әлеуметтенуін қажет ететін заман болып барады. Жетім балаларды жаңа қоғам талаптарына лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – балалар үйі педагогтарының, Үкіметтің және барша халықтың міндеті болып табылады.
Балалар үйі -мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлайды. Бұл арнаулы ұйымдар -жетім балалардың дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік тұрғыда бейімделуін қамтамасыз етеді. Осыған орай, Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог, ғалымдар: Х.Т.Шерьязданова, С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Г.А. Урунтаева және т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы және оқу-тәрбие жүйесіндегі қарым-қатынастар мәселесін зерттеген ТМД елдері ғалымдары Т.И.Дьяконова, И.М.Михайлицкая, С.В.Яосева еңбектерінде балаларды тәрбиелеу мен жан-жақты дамыта қалыптастыру мәселелерін зерттеп, ғылыми-әдістемелік жолдарын ұсынған. Сонымен қатар Л.И.Аксеова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьзданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаев және т.б. ғалымдар жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайлардың әдістемелік негіздерінде әзірлеген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы ұсынған. Г.Ананьев, А.Андреева, Н.Анохина балалар үйіннің нақты тәжірбиесіне кешенді талдау жасаса, Қазақстандық ғалымдар А.Қ.Құсайынов, Ж.И.Намазбаева, А.Т.Құнанбаева, Ә.Б.Садықова өз еңбектерінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достық ортаны қалыптастырудың технологияларын ұсынған [6]. Жоғарыда келтірілген психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде талдау барысынан бізге балалар үйіндегі әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірбиесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілермен белгілі бір әлеуметтік тәрбие жұмысын жүргізу қажеттігін көрсетті.
Ал, С.А.Дзенушкайтенің Біздің үй атты еңбегінде: Балалар үйінің педагогикалық ұжымы денелері мен психикасы дұрыс дамыған балалар үшін қажетті жағдай жасауға міндетті. Ол үшін жоғарғы ұрпақтардың бай тәжірибесін қолдана отырып, әлеуметтік жағдайда адамгершілігі мол, еңбекке бейім етіп, тәрбиеленушілерді өз беттерімен өмір сүруге жан-жақты дайындау – деп ой түйіндеген.
Ал, Л.С.Славина мен Г.М.Сысоева балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың өз мүмкіндіктерінің бағасын жоғарылату үшін жасайтын іс-әрекеттерін сипаттаған.
Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, Л.К.Керимов және т.б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған. Мысалы, Л.К.Керімов өз еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс-әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен. Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік аспектілері қарастырылған.Бұл зерттеулер әрине, біздің мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты, қиын балалар қатарына да жатқызады. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттарда тәрбиеленуші жетім балалардың дамуы мен тарихын Л.Г.Ақжаркенова зерттей келе ондағы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өзіндік үлес қосты. Ал, ол жердегі дене тәрбиесі арқылы ұлттық ойындарды ендіру әдістемесін Қ.Т.Жаңабаев зерттеген. Балалар үйіндегі еңбек тәрбиесін Н.Н.Семеренко қарастырған. М.Д.Ауренова балалар үйінде тәрбиленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер жайлы айтса, Н.У.Бегалиева балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің танымдық қабілеттерін дамытудың психологиялық шарттарын айқындады. Г.Б.Сүгірәлімова Қазақстандағы панасыз балалардың мәселесін шешу тарихын зерттесе, З.А.Зубайраева жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуін педагогикалық шарттарын айқындады.
Қазақстандағы арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың дамуы мен тарихын Л.Г.Акжаркенова, Ж.И.Намазбаева, А.К.Сатова, М.Ж.Смайловалар арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосты.
Жоғарыда біз талдау жасаған зерттеу жұмысы бүгінгі таңда балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін әр қырынан қарастырғанымен, жеке тұлғаны қалыптастыру. Оның ішінде жетім балалар бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесі жан-жақты, арнайы зерттеу жұмысы жұмысы нысанасына алына бермейді. Сол себепті, біз зерттеу жұмысы жұмысымызды балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінің барысында ішінара болса да жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесін қарастыруға ден қойдық.
Гуманист психологтар Г.Айзенк А.Маслоу, Г.Оллпорт, К.Роджерс өз еңбектерінде жеке тұлға туралы құнды ой-тұжырымдар жасаған.
К.Роджерстің пікірінше жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланысты дамып қалыптасады. Ғалым теориясында: Мен тұжырымдамасы нақты Мен-ді және идеалды Мен-ді (адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды. Мен тұжырымдамасының дамуы, негізінен әлеуметтену процесі арқылы жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы -оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі десе, А.Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді.
Өзінің жеке тұлға теориясында гуманистік және жеке даралық тұрғыны біріктірген гуманист Г.Оллпорт адам табиғатының -жеке тұлғалық даму, өзін-өзі жеңе білу мүмкіндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеген [5].
Г. Айзенктің жеке тұлға теориясы диспозициялық теорияның үш басты бағытының біреуіне -қатаң бағытына жатады. Бұл бағыт адамның қатаң биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүйке жүйесі, ми және белгілі жеке даралық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, психолог: Жеке тұлға -бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының азды-көпті тұрақты құрылымы. Мінез – мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі. Темперамент – адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі. Интеллект – бұл когнетивті мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі – деген тұжырым жасаған [5, Б. 401]. Әрине, жеке тұлғаның қылықтары, іс-әрекеттері оның мұң-мұқтажы мен (физиологиялық қажеттілікті қоспағанда) талап тілектерінен туындайды.
А.А.Виноградова: …толық, анық ұйымдастырылған тәрбиеленуші өмірі, ондағы күн тәртібінің сақталуы, шынайы жауапкершілік пен өзін-өзі басқаруға мүмкіншілігі, дұрыс түсінушілік, ұстаз жетекшілігі мен ұйымдастырушылығы – осының бәрі тәрбиелеу жұмысының жоғары нәтижесін көрсетеді. Осыдан барып тәрбиеленушінің берілген жұмысқа деген жауапкершілігі, еңбек сүйгіштігі, өздігімен ұсыныс жасауға ұйымдастырушылық қабілеттері, өмір бойы қалыптасады, дағдыланады. Осындай жеке бас дағдылары мен қабілеттері қалыптасқан әрбір балалар үйі тәрбиеленушісі өзіне-өзі сенімді, батыл да, қайратты болып, әрі қарай өмір сүрулеріне көмектеседі.
Осыған орай, біз балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін анықтауда төмендегідей мәселелерді қарастырдық:
oo дүниеге келген кезінен бастап әрбір кезеңдердегі өсу тарихын қарастыратын құжаттар мен материалдары;
oo жетім балалардың физиологиялық, психологиялық, педагогикалық жағынан дамуы;
oo балалардың білімге қызығушылығы мен ынта-ықыластары;
oo балалардың еңбексүйгіштік деңгейлері мен еңбекке қатынастары;
oo жетім балалардың денсаулық жай-күйлерінің бақылауға алынуы.
Осындай мәселелерді жан-жақты талдау барысында әрбір жетім баланың психологиялық өзгешеліктерін айқындай аламыз. Біздер жоғарыдағы сұрақтарға жауап бермес бұрын, тастанды, жетім балалардың пайда болу себеп-салдарына тоқтала отырып, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің нормативтік-құқықтық құжаттарын талдау барысында төмендегідей мәселелерді анықтадық.
Балалар үйіндегі балалардың әрқайсысының жеке дәрігерлік сараптамалар тарихымен танысқанымызда, біз байқаған ерекшеліктер: балалардың 90% денсаулықтарына байланысты дәрігерлік есепте тұрады, оның 63% невроз, астеноневротикалық, психоневрологиялық тұрғыдан жүйкесінің нашарлауы жиі кездеседі. Ал, 27% йод тапшылығы, темір тапшылығы сияқты т.б. сырқаттары бар екені анықталды. Осы мәліметтерге қосымша ескерілетін жәйт, балалар үйіндегі жетім балалардың психикалық дамуы мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстарында өзіндік бағыттылық сияқты қасиеттердің тұрақты еместігі байқалады.
Көрсетілген мәселелердің мәнін ашу барысында жетім балалардың балалар үйіне келгенге дейінгі тарихымен танысқанымызда, олардың ата-аналарының 80% ата-аналық құқықтарынан айырылғандар. Соның 35% моральға жат қалықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаса, 24% әке-шешелерінің бірі ішімдікке салынған, ал балалардың 21% шешелері жезөкшелік пен қыдырымпаздыққа бой ұрғандар. Қалған 20% ата-аналары жұмыссыздықтан, тұрмыс күйінің жоқтығынан, жалғыз басты студент аналар балаларын балалар үйіне берген.
Қазіргі уақытта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілердің психикалық дамуы жағынан отбасында өсетін құрдастарына қарағанда айырмашылығы болады. Себебі, балалар үйі жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалардың даму қарқыны бәсеңдеу. Олардың дамуында және денсаулығында бірқатар сапа жағынан жағымсыз ерекшеліктер бар, олар нәрестелік жастан басталып, мектепке дейінгі шақта және одан әрі барлық сатысында байқалады. Бұл ерекшеліктер әр түрлі және бірдей емес дәрежеде өсудің әр сатысында байқалады. Осылайша, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың бірінші өмір жылында-ақ отбасында өсетін өз құрдастарына қарағанда ерекшеленеді: олар шаттана білмейді, олардың танымдық белсенділігі төмендеген, үлкенге үйір болу сезімі туындамайды, сенбейді, тұйық, көңілсіз және енжар, т.б. Мұндай мінез-құлық сезімдері тәрбиеленушілердің жеке тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осы тұрғыда, америка психологы М.Райбл ана қамқорлығынан айрылған 600 нәрестеге бақылау жүргізген де, ана қамқорлығының болмауы баланың екі айлығынан бастап-ақ өте ауыр тәндік бұзылуларға әкеп соқтырады. Өйткені, емшектегі бала ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін сыртқы ортадан оған ананың табиғи қамқорлығын беретін қоздырғыштар алуы тиіс деген шешімге келді. Сипалау, қолға алу, төске басу, ананың дауысы, емшектегі бала үшін ему мүмкіндігі, емшек сүті, белгілі бір ауа температурасы және т.с.с бала үшін өте маңызды. М.Райблдың пікірі бойынша гигиена сақталмайтын жағдайда өмір сүретін, бірақ анасымен табиғи қарым-қатынасы бар нәрестелерде тәндік бұзылу туындамайды. Сонымен қатар, оның деректері бойынша ана қамқорлығының болмауынан тәндік бұзылулар жақсы жабдықталған және ғылыми тұрғыдан дұрыс күтімді қамтамасыз ететін ең жақсы балалар ұйымдарында да кездеседі. Алайда, зерттеу жұмысы жұмысыші есептегендей жетім балалардың толық дамуы үшін қажет нәзік жеке әсерді айырбастай алмайды [6].
Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша физикалық дамуы көбінесе ұйымда бала ұзақ уақыт бойы өмір сүруіне қарай жақсарады. Салыстырмалы қолайлы физикалық дамуының жақсаруын авторлар емшектегі балаларға арналған ұйымдарда көрсетілетін медициналық көмектің жақсылығымен түсіндіреді. Бірақ ақыл-парасат деңгейі физикалық дамуға қайшы келеді: неғұрлым бала ұйымға ерте түссе, солғұрлым олардың ақыл-парасатының бөгелуі байқалған.
Жетім балалардың дамуында психологиялық ерекшеліктер байқалады.
Олар:
oo психикалық процестердің дамуындағы ерекшеліктер: қабылдауының төмендігі, түйсінудің әлсіздігі, есте сақтаудың, қиялдың баяу дамуы, көрнекілік-бейнелік ойдың толық жетілмеуі, ерік-жігері әлсіз, зейіннің тұрақсыздығы, т.б.;
oo мінез-құлық дағдыларындағы ерекшеліктер: жиі көңіл-күйдің өзгеруі мен тұрақсыздық, ашушаңдық, өзін-өзі ұстай алмаушылық, сабырсыздық, сенбеушілік, ызақорлық, тұйықтық, енжарлық, қатыгездік, ұқыпсыздық секілді жағымсыз мінез-құлық дағдылардың басымдылығы;
oo қарым-қатынастағы ерекшеліктер: құрдастарымен жиі келіспеушілік, құрдастарымен бірігіп ойнай білмеуі, үлкендермен сөйлесе алмау, оқшаулануы.
oo Осыған орай, жетім балалардың психологиялық дамуындағы сәтсіздікті анықтайтын себептер мынадай:
oo тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас пен оқу-тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы;
oo әлеуметтік мәдени ортамен қарым-қатынастың шектеулілігі;
oo балалар үйі тәрбиешілерінің психологиялық-педагогикалық дайындығының жеткіліксіздігі;
oo тәрбиеленушілерді тәрбиелейтін үлкендердің, маман педагогтардың жиі ауысуы;
oo жетім балалардың қарапайым мұқтаждықтарының шектелуі.
Отбасы жағдайында, өз үйінде бала өзін еркін ұстап, қалаған қажеттілігін қанағаттандырып отырады. Мысалы, қыз бала әжесі мен анасының үй жұмыстарына қатысып, ұл бала ата, әкесімен үй шаруашылығына қажетті заттарды, нәрселерді жасауға қатысып, көзімен көріп, іс-әрекеттерді бөлісуге, жоспарлауға ат салысады. Әрбір еңбек іс-әрекеттері үлкендер тарапынан қадағаланып, бала еңбекке баулынады. Ал, балалар үйлеріндегі ұл-қыздардың мұндай мүмкіндіктері жоқ. Сол себептен, тұрмыстық қарапайым жұмыстарға икемсіздік көрсетеді. Қазіргі психологиялық зерттеу жұмысы жұмысылерде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дамуында болатын басты кедергі қолайсыз күй деп білеміз.
Жетім балалардың мұқтаждықтарының шектелуі, жеке тұлға ретінде қалыптасуда қажетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен аналық жылылықтың болмауынан деп тұжырымдауға болады. Балалардың ақыл-ой, адами ізгілік қасиеттері мен психологиялық процестердің бағдарлы дами алмауы – өз қажетін өтей алмаудың басты сипаттамасы болмақ.
Қорыта айтқанда, жетім балардың тұлғалық сапаларының тежелуі әлеуметтік-мәдениет орталықтарына сирек баруынан, эстетикалық тәрбиенің әлсіздігінен, айналасындағы адамдармен қарым-қатынастардың аздығынан болады. Ал, жетім балалардың ең басты талап-тілектерін қанағаттандырмайтын іс-әрекеттер құрамы қимыл-қозғалыс, айналасындағы қарым-қатынас мұқтаждығы, әлеуметтік қарым-қатынас күйі, бала жасындағы әлеуметтік шектелу, өз-өзін әлсіз сезінуі, т.б. әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, қарым-қатынастың кедейленуі, әсіресе, олардың сезіну, түйсіну, есте сақтау, қиялдау, т.б. үрдістерінің дамуының тежелеуінен болады деп ой түйіндейміз. Біздің жетім балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы мақсатымыз – жетім балалардың тұлғасын қалыптастыру мен оларды әлуметтендіру жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау болды.

3.3 Жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру деп айтылған. Сонымен қатар мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде тұжырымды түрде баяндалған. Бұл – ұлтаралық келісім және ұлттар ішіндегі бірлік, қазақстандық патриотизм, жоғары тіл мәдениеті, толеранттылық, тұрақтылық және жаңғырту. Президенттің, еліміздің алға басуы және гүлденуі жолында этностар мен этникалық топтарды рухани біріктіру идеялары өте өзекті.
Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, елімізде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз [15].
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, олардың бойынша ұлттық құнлыдықтарды қалыптастыру әрбір қазақстандық отбасының міндеті. Ал жетім балаларды тәрбиелеу, олардың бойына ұлттық және адами құндылықтарды қалыптастыру әлдеқайда қиын мәселе, себебі жетімдік бүгінде қоғам алдында шешу жолы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Елімізде жетім балалар санын азайтуға бағытталған көптеген іс-шаралар мен айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Келешегінен үміт күттіретін, патриотты, болашақта өз еліне адал қызмет ете білетін тұлға қалыптастыру ол өз алдына үлкен міндет болып саналады. Алайда еліміздегі жетім балалардан мұндай тұлға қалыптастыру әлдеқайда күрделі іс болып табылмақ. Өз елін сүйетін, қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру үшін оның бойына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет. Ал жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қандай мүмкіндіктері бар? Олар әрине, мемлекеттік тіл, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрып, ұлттық мәдениет, ұлттық өнер, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, халық педагогикасы, ұлттық фольклор, сонымен қатар этнопедагогикалық құндылықтардың алатын орны ерекше. Әрқайсысына қысқаша тоқталып өтсек.
Жалпы, қазіргі таңда еліміздегі жетім балалардың 60%-дан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің шешімімен 2016 оқу жылынан бастап үш тілде білім беру жүйесі енгізілмек. Бұл әрине заман талабына сай жасалынып жатқан дүние. Алайда өз ұлттық тілімізді ұмытпау, оны әрі қарай дәріптеу қазақстандық әрбір азаматтың міндеті саналады.
Тіл дегеніміз – этнос құрушы, ұлтты өзара бір-бірімен біріктіретін алтын сынды баға жетпес құндылықтардың бірі. Тіл – адамзат баласын жануар атаулысынан ерекшелеп тұратын қасиет деп ескеретін болсақ, бұл жағдайда оны қатынас арқылы адамзат қауымын құрушы құрал ретінде көреміз. Сонымен қатар тіл этносаралық бірліктің негізін қалаушы басты құрал екенінде ұмытпаған жөн. Әр тілдің әр ұлт үшін өзіндік құндылығы бар. Десек те, қазақ халқы үшін ана тіліміздің, ұлттық тіліміздің баға жетпес құндлығы өз … жалғасы

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз