Ерлан Сыдықов | өмірбаяны

0

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов — Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі.1956 жылдың 29 ақпанында Семей қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.Орта білімді Абай ауданындағы Қарауыл ауылында Абай атындағы мектептен алған (1973 жылы тәмамдаған). С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін 1978 жылы «Тарих» мамандығы бойынша «Тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы» біліктілігімен тәмамдаған. 1981 жылдың қыркүйегінен ҚазМУ-дің аспирантурасында білім алған, 1984 жылдың ақпанында диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. 1999 жылдың 15 қазанында «Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында (1917 — 1937жж.)» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. ҚР ЖАК шешімімен 2001 жылдың 25 қазанында профессор ғылыми атағы берілді. 2003 жылы Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының акдемигі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып тағайындалған. Еңбек жолын Семей қаласында 1978 жылы Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында Қоғамдық ғылымдар кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші қызметінен бастаған. 1984 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қаңтарына дейін Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, проректор қызметтерін атқарған. 1996 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының мемлекеттік қызмет және кадрмен жұмыс бөлімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. 1997 жылдың маусымында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. 2004 жылдың сәуірінде қайта құрылған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалған. 2008 жылдың шілдесінен 2011 жылдың 26 шілдесіне дейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған. 2011 жылдың 26 шілдесінде бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.