«Ақылға қонымды болуы тиіс» Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты

0
117
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік саясатын жүзеге асыру кезінде ақылға қонымсыз істерге жол бермеу қажеттігін айтты

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының сьезінде үштілділік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Білім саласындағы реформаларды да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керек. Қазіргі заман балаларымыздан жаңа дағдыларды дамытуды талап етеді. Үштілділік қалыпты жағдайға айналуы тиіс екенін айтқан едім. Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алады, біз бармаған жерлерге барады. Сондықтан қазақ және орыс тілімен қатар ағылшын тілін де меңгеруі керек. Бұл маңызды», – деді президент «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.

Бірақ, Назарбаевтың айтуынша, мұны дұрыс бағытта жүргізу керек. Осы орайда мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігінің қателіктерін атап өтті.

«Физика, математика, химиядан сабақ беретін мұғалімдерге ағылшын тілін үйренуге қанша уақыт кетеді? Ал біздің министрлік мұғалімдерге ертеңнен бастап ағылшынша оқытуды тапсырды. Жарайды, оларды үш айға шақырады, оқытады, бірақ үш айдың ішінде кім математиканы ағылшынға беріп кете алады? Ал бұған қыруар қаражат бөлініп отыр. Мүмкін, шетелден мұғалімдер шақырып, сабақ берген дұрыс болар ма еді?! Сондықтан бұл міндет қалады. Білім министрлігі дұрыс бағытта келе жатыр, бірақ бәрі ақылға қонымды болуы тиіс», – деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Сағадиевті не үшін мақтады?

Сонымен қатар, ол әр өңірде кем дегенде бір үздік жоғары оқу орны жұмыс істеуі керек екенін атап өтті.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз