Егеухан Мұқамәдиқызы | өмірбаяны

0

Егеухан Мұқамәдиқызы 1940 жылы 1 сәуірде Монғолияда, Баянөлгий аймағында туған. Баяннұр орта мектебінде отыз жылдай кітапхана меңгерушісі болған. 1960 жылдан өлең жазып, айтыстарға қатысқан. 1971 жылы Монголия қазақтарының айтыс өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алған. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. 

«Жыр қарлығаштары» (1966), «Таң арайы» (1971), «Ақ қайың» (1971), «Қобда өзен толқыны» (1975), «Ару арманы» (1977), «Айтыс» (1979), «Бәйге» (1980), «Оң қанат» (1982), «Алимын цэцэрлэг» (монғол тілінде, 1989) өлең жинақтары жарық көрген. «Қайтқан қаз», «Қосішек» атты жыр жинақтары бар. 

«Даңқты Ана» І-ІІ-дәрежелі ордендерімен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. Монғолия Журналистер одағының, Монғолия Жазушылар одағының мүшесі.