Дмитрий Рябуха | өмірбаяны

0
57

Рябуха Дмитрий (1922–1972) Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының Преображенка селосында туған. 1940 жылы Семей қаласында бір жылдық мұғалімдер курсын бітіріп, мектепте ұстаздық еткен. 1952 жылдан журналистік қызметке ауысып, «Учитель Казахстана» газетінде әдеби қызметкер, «Советский Казахстан» (қазіргі «Простор») журналында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редактор боп қызмет істеген.

Ақынның «Колхоз даласы» («Колхозное поле») атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы шықты. Содан кейінгі жылдарда «Дорогой мира», «Новоселы», «Малыши», «Навстречу жизни», «О тех, кто рядом», «Маляр небесных гор», «Сказка о правде», «Свирель Аманжола», «Мы на земле не гости», «Фигуры с натуры», «Чиликане» атты өлең кітаптары мен сурет кітапшалары жарық көрді.

А.Тоқмағамбетовтің, М.Хакімжанованың, Ж.Саинның, С.Мәуленовтің, Қ.Сатыбалдиннің көптеген өлеңдерін орыс тіліне аударды.

«Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Қайнар көз: http://writers.kz