Дмитрий Черепанов | өмірбаяны

0

Дмитрий Черепанов  1907 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Лосихо (Верхне-Убинское) селосында туған. 

Жетіжылдық мектепті, Өскемендегі педагогикалық техникумды бітірген. Педагогикалық институтта, КИЖ-де сырттай оқыған. Үш жыл мұғалім болып істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Содан кейінгі жылдар ішінде түгелдей дерлік Семей облыстық газетінде еңбек еткен.

Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары: Крутизна. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956; Ветер в лицо. Роман. А., «Жазушы», 1968; Час прощания. Рассказы. А., «Жазушы», 1977; Комиссар, или до последнего удара. Повесть. А., «Жазушы», 1977; Сквозь годы. Повесть, рассказ. А., «Жазушы», 1982; Камень на дороге. Маленькая трилогия. А., «Жазушы», 1982.