Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды

0
118

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ақпанның 26-сы күні премьер-министр Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев кеше еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі болып тағайындалған болатын.

Оңдасын Оразалин 1963 жылы Ақтөбе облысында туған. 1985 жылы Ақтөбе университетін тәмамдағаннан кейін осы өңірде оқытушылық, кәсіпкерлік, басшылық қызметтер атқарған. 2005- 2006 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз