Болат Бопайұлы | өмірбаяны
Болат Бопайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген.
1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіләдебиеті факультетін, 1998 жылы әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантураны бітірген.
Үрімші қаласында ұстаздық етті, «Шыңжаң жастарөрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды. «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» атты еңбегі «Шыңжаң жастарөрендер баспасынан» (1993), Ахметжан Қайбарұлымен бірлесіп жазған «Қазақ ырымдары» атты кітабы 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақ энциклопедиясынан» қазақ және орыс тілінде, «Шыңжаң халық баспасынан» араб жазуымен (1998) жарық көрді. «Сөз саралау өнері» атты ғылымизерттеу кітабы (1995), «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі (2000), «Қазақ кәделері» (2000), «Асыл қазына» (2002), «Қазақ кәделері» (2003), «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» (2003), «Қазақтың түс жоруы» (2004) атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.