Болат Жандарбеков | өмірбаяны

0
57

Болат  Жандарбеков (1932–1991) – 9 ақпанда Алматы қаласында туған. ҚазМУді бітірген (1966).

Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеті режиссерінің ассистенті, режиссері, «Қазақфильм» киностудиясының режиссері болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты.

Тарихи жанрға қалам тартты. Шығармаларын орыс тілінде жазды. «Томирис» атты тарихи романы оқырман қауымның жоғары бағасына ие болды. «Сақтар» атты тарихи дилогиясы халқымыздың көне дәуірінен сыр шерткен елеулі көркем туындылар шоғырынан орын алды. Театр сахнасында қойылған және «Қазақтелефильм» киностудиясында түсірілген бірнеше пьесалар мен сценарийлер авторы.

Шығармалары: Томирис. А., 1989; Саки. А., 1997.