Біржан Ахмер | өмірбаяны

0
52

Біржан Ахмер Ермекұлы – 1993 жылы тамыз айының 23 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай бекетінде дүниеге келген.

2011-2014 жылдары М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде, 2014-2017 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (аудармашы) мамандығы бойынша білім алған.

2017-2018 жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Семей» арнасында және «ТВК-6» арнасында қызмет атқарған, «Жерұйық» порталының тілшісі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Жебе» ақындар мектебінің жетекшісі болды.

Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты, «Өлмес өлең» атты Қадыр Мырза Әліге арналған республикалық мүшәйрасының 1-орын иегері, Көкшетау қаласында өткен «Қазақ хандығына 550 жыл, Мәңгілік ел – тағдырым» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының 1-орын иегері.