Әутәліпов Райымқұл | өмірбаяны
Әутәліпов Райымқұл 1923 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданы, Тоқты ауылында туған.
1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түскен. Оны аяқтағаннан кейін бірнеше жыл бойы Ақмола және Қарағанды облыстық газеттерінің редакцияларында, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, мектеп директоры, Алматы радио хабарлары торабының тілшісі қызметтерін атқарған, Қарағандыдағы облысаралық Жазушылар одағының қазақ әдебиеті секциясын басқарған, 1959–1961 жж. КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсында оқыған.
Мектепте жүрген кезінен өлең жаза бастаған. Кейіннен бірыңғай прозамен айналысқан. «Әке досы» әңгімесі «Дружба народов» журналында 1957 жылы (6санында) жарияланды, сонымен бірге осы әңгіме «Қазақ жазушыларының әңгімелері» атты жинаққа да енді. «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Әке досы. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Алтын жемісті алқап. Повесть. ҚМКӘБ, 1959; Қыр әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1961; Той тарқар. Повесть. А., «Жазушы», 1965.
Қайнар көз: http://writers.kz