А.Иассауи «Даналық кітабы»

0

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасыБілу

ТүсінуДәптермен жұмыс

Кітаппен жұмыс

Қолдану

Талдау

ҚорытуЖинақтау

Үйге тапсырма

Кері байланыс

Бағалау

Амандасу,түгендеу.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызуОқушыларды «Баяндаушылар», «Зерттеушілер», «Ақындар» деп үш топқа бөлу.Топ басшыларына бағалау парағы үлестіріліп беріледі.

Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым А.Иассауидің «Даналық кітабы» кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан ең әуелі сендердің өз беттеріңмен іздену нәтижесінде тапқан материалдарыңмен танысып көрейік.

Интерактивті тақтадан көрсетуСөзмаржанды оқып түсініксіз сөздермен таныстыруСөздікпен жұмыс.Қылует – (араб сөзі) оңашалануПір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушыСопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы. Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдерШариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағыМағрифат – дін жолын танып,оқып білуТариқат – сопылық идеясыХақиқат – Құдай және оған жақындауҒазиз – өте үстемҒафил – бейқамАят – Құран кәрім сүресіндегі ақ жол өлеңдерХадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелерТақуа-діндар, діншіл.Ақырет- о,дүние, машхарТамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.

«Даналық кітабы» шығармасын 2-3 оқушыға оқыту.Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ:

  • «Даналық кітабы» қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?
  • Ұзақ жыл зерттеген ғалым кім және нұсқалары туралы не білесің?
  • Қай қалаларда басылды және зерттеген ғалымдарды ата.
  • «Екі жақты түсініктеме» күнделігі 3-топқа 3 өлең шумағы беріледі.Постер қорғау1-топ А.Иассауи2-топ А.Құнанбайұлы3-топ Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы ортақ тақырыпты табыңдар.Сонымен, А.Иассауидың «Даналық кітабында» болашақ ұрпаққа айтар насихаты не екен?

    Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған. «Диуани Хикмет» атты кітабы діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махаббатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. «Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.-А. Иассауи туралы не білдің?Ғалымдардың Иассауиге берген пікірімен қорыту. Ахмет Иасауидің хикметтерін оқу, талдау. «Имандылық – адам бойындағы ең үлкен қасиет» тақырыбында ойтолғау жазу. Стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазғызу

    Формативті бағалау

    Амандасады.

    3топқа бөлінеді

    Үйге берілген тапсырма бойынша топтан көшбасшы жауап береді

    Түсініксіз сөздермен танысады

    Өлеңді мәнерлеп оқиды.Сұрақтарға топпен жауап іздейді.

    Өлеңге талдау жасайды.

    Постер қорғайды.

    Иманды адамның қандай болатынын айтады.

    Қолына допты алған оқушы тез-тез жауап береді.

    Күнделікке жазып алады.

    Стикерге жазып, «Табыс қоржынына» салады.Спикерлер бағалау парағы бойынша сөйлейді.

    Загрузка...

    ПІКІР ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз