Әуелбек Қоңыратбаев | өмірбаяны

0

Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) – түрколог, филология ғылыми докторы, профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақфольлоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. «XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы», «Қазақтың «Қозы-Көрпеш-Баянсұлу» жыры туралы», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 1972, 28 қаңтар),«Әлішер Науаи – өзбек халқының ұлы ақыны» (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай»еңбектерінде Шығыс Әдебиеті менқазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына тұсініктер жариялады.Қоңыратбаев Әуелбек

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз