Аслан Жақсылықов | өмірбаяны

0
97

Жақсылықов Аслан 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысының Самар селосында туған.

1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

1979–1990 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогика институтының әдебиет кафедрасында қызмет етіп, 1984 жылы кандидаттық диссертация қорғаған.

1990 жылдан бері әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 1999 жылы «Қазақ әдебиеті шығармаларындағы діни мазмұндағы бейнелер, сарындар және идеялар (типология, эстетика, генезис) тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2000–2005 жж. қазақ әдебиеті кафедрасының, 2005 жылдан көркем аударма теориясы және әдеби шығармашылық кафедрасының профессоры.

1998 жылы «Қазақ университеті» баспасынан «Көркем әдебиеттегі діни сарындар» атты кітабы шықты. «Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы» монографиясының (1999), «Қазақ әдебиетінің тарихы бойынша практикум» (С.Есенбековпен бірге, 2001), «Аударма теориясы мен практикасы бойынша библиографиялық анықтамалық» (С.Есенбековпен бірге, 2007), т.б. оқулықтардың, «Сны окаянных» трилогиясының (2005), «Философия всеединства и саморегуляции» (1994) зерттеу еңбектерінің, бірнеше роман, әңгіме, повестердің авторы.

1998 жылғы Буккер әдеби конкурсының жүлдегері («Поющие камни» романы үшін). Сондайақ қазіргі қазақ прозасының аудармашысы. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясын, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының жаңа басылымының бірнеше тарауын орыс тіліне аударған.