Әшірбекова Роза | өмірбаяны

0

Роза Әшірбекова (15.4. 1938 жылы туылған, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қазгородок ауылы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1991). 

Қазақ академиялық драма театры жанындағы студияны бітірген (1960). Сол жылы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. Сахнада алғаш жасаған образы — жылы Жұмаханов пен Б. Тәжібаевтың “Қарагөз қарындасым” спектакліндегі Анна. Осы театр сахнасында ол сомдаған Ләззат (Т. Ахтановтың “Махаббат мұңында”), Хадиша, Сейде (Ш. Айтматовтың “Арманым Әселімі” мен “Бетпе-бетінде”), Шафақ (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Мәншүк (Ә. Тәжібаевтың “Монологтарында”), Дариға (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”), Ұлбала (Шота Уәлихановтың “Тағдырында”), Ақбөпе (С. Жүнісовтың “Қос Анарында”), Гертруда (У. Шекспирдің “Гамлетінде”), Гиацинта (Мольердің “Скапеннің айласында”), Иветта (Б. Брехтің “Әйдік апайында”), Аркадина (А. Чеховтың “Шағаласында”), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”) сияқты рөлдер Ә-нің шеберлігін жан-жақты танытқан, Қазақ сахна өнері тарихынан өзіндік орын алған бейнелер.