Ақсұңқар Ақынбаба | өмірбаяны

0
64

Ақсұңқар Ақынбаба 1976 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы университетті үздік бітірді.

1998 жылы Қазақстан телерадио компаниясында «Шапағат» таңғы бағдарламалар редакциясында тәжірибеден өтіп, редакторлық қызмет атқарды.

1999–2002 жж. Алматы облыстық «Жетісу» басылымында мәдениет және әдебиет бөлімінде журналист, 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік Академиялық оркестрінде жүргізуші, 2004 жылы «Жалын» журналында редактор, 2004–2008 жж. «Қазақстан» РТРКның «Шалқар» және Қазақ радиосында редакторжүргізуші, 2008–2009 жж. Қазақ радиосы бойынша сарапшыредактор, 2009 жылдан «Қазақстан» ҰТАның эксперт тобында телерадио бағдарламалары бойынша жетекші маман қызметін атқарады.

2001 жылы «Елорда» баспасынан «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» атты жыр жинағы жарық көрді. «Қазақ ақындарының антологиясына», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр» жинақтарына (2003) Қырғызстанда жарық көрген қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген. «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Ғ.Мүсірепов атындағы Республикалық ақындар мүшайрасының лауреаты.