Ақмырза Рүстембеков | өмірбаяны

0
63

Ақмырза Исаұлы Рүстембеков – 1956 жылы 15 ақпанда Ақмола облысының Қорғалжын кентінде туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітіргөн (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі. ҚР БАҚ-да және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы. «Мұнара түріндегі ғимарат» авторлық куәлігі бар (2003). 1980 жылдан – «Гипворуз ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары. 1990 жылдан – шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі. 1996 жылдан – ҚР Сәулетшілер одағының вице- президенті, 2000 жылдан бері – президенті. 2001-2003 жылдары – Халықаралық ТМД Сәулетшілер одақтары ассоциациясының вице-президенті. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2002 жылдан). Дүниежүзілік қайырымдылық альянсының Бітімгер алтын орденімен (2007), «Құрмет» (2010) орденімен; «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен; Дүниежүзілік архитектура триенналесінде күміс медальмен (2003) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2006) ескерілген. Республикалық және халықаралық конкурстардың көп мәрте лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2004). Әскери атағы – запастағы капитан. Діни көзқарасы – төзімді. Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Өркендеу». Хоббиі – тау шаңғысы, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті – тарих, әлем сәулет өнері. Үйленген. Жұбайы – Рүстембекова Баян Нариманқызы (1958 ж. т.), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз¥ТУ оқытушысы. ¥лдары – Бауыржан (1978 ж. т.), Ержан (1979 ж. т.). 3 немересі бар.