Анар Шамшадинова | өмірбаяны

0
87

Анар Амангелдіқызы Шамшадинова 1974 жылы Маңғыстау облысында туған.

1996-97 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика және шығыстану факультеттерін бітірген.

Анар өлеңді бала кезінен жаза бастаған. Студент шақтарынан бастап бірқатар жыр сайыстарына қатысып, жырсүйер қауымның назарына ілікті.

«Поэзия көктемі – 2000» студенттер байқауының жеңімпазы, «Шабыт-2003» халықаралық фестивалінде 3 орын иеленген. Сондай-ақ, 2000  жылғы «Қазақстаным – қара шаңырағым» атты республикалық радио мүшәйрасының жүлдегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың арнайы жүлдесін алған.

2001 жылы «Жазушы» баспасынан жас ақынның «Жанар» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Бірқатар жыр топтамалары «Жыр керуені»,  «Қыз ғұмыр», «Маңғыстау ақындарының антологиясы» атты ұжымдық жинақтарға енді. 2004 жылы «Информ-А  баспасынан «Жоқсың сен»,  2009 жылы  «Жазушы» баспасынан «Кешірсең мені сен ғана»  және 2010 жылы «Тамызда қайтып оралшы» атты өлең жинақтары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Анар Шамшадинова  Ақтау қаласында тұрады, «Жанартау»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Ақтау ақпарат» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі.