Әміржан Әлпейісов | өмірбаяны
Жазушы Әміржан Қайырұлы Әлпейісов — Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Бестөбе кенішінде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері.
«Елес», «Күз», «Уақыттан озғандар», «Ностальгия», «Сурок беглец», «Азаттық аңсаған Сарыарқа», «Жас тұлпар» дүбірі кітаптарының авторы.