Әміреұлы Махмұтбай | өмірбаяны

0

Әміреұлы Махмұтбай 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында туған. 

1964 жылы Қызылорда педагогика институтын бітірген.

1964–1966 жж. Шымкент облысының Ленин ауданында мұғалім, Қызылорда облыстық шығармашылық үйінің әдіскері, 1967–1997 жж. облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Сырдария аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси оқу кабинетінің меңгерушісі, «Сырдария» газетінің редакторы, облыстық кәсіподақтар кеңесі баспасөз орталығының меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің Бас редакторы. 

Республикалық «Жалын» баспасынан «Жүзім бағы» (1976), «Қызыл жыңғыл» (1978), «Ақ сәуле» (1984), жергілікті баспадан «Сыр әндері» (1994), «Сыр жырлары» (2000), республикалық «Үш қиян» баспасынан «Жылдар, жырлар» (2002), «Сыр әндері» (2007), «Сырдарияжырдария» (2008), «Сыр мектебі» (2008) жыр жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән» және басқа 100ге тарта ән мәтіндерінің авторы.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сырдария ауданының және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

Қайнар көз: http://writers.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз