Әміртай Азаматхан Сайлауұлы өмірбаяны
Туған күні мен жері: 1978 жылы Жамбыл облысында туған
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын үздік аяқтаған, 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін ұздік аяқтаған, Executive MBA, «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі
Мамандығы: компьютерлік телекоммуникация инженері, жергілікті мемлекеттік басқару
Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі – ана тілі, ағылшын және орыс тілдері — еркін.
Еңбек өтілі:
1995-2000 ж. – жеке компьютерлер мен техника сату саласында жеке кәсіпкерлік қызмет;
1999-2000 ж. — «Пейджинг компаниясының» Алматыдағы филиалы, директор;
2001-2005 ж. — «Kaznewtech Ltd» и «Kaz Com Net» ЖШС, директор;
2005-2006 ж. — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша бірінші вице-президенттің кеңесшісі;
2007-2008 ж. -«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша президенттің кеңесшісі;
2005-2008 ж. — Объединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация софтверных компаний», вице-президент;
2008-2014 ж. – «Қазақстандық софтверлік компания ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, президент;
2014- 2016 ж. — «Инвесторлер альянсы» жергілікті қоғамдық бірлестік, президент;
2016 – әлі күнге дейін — «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, президент;
2017 – әлі күнге дейін –Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар кеңесінде төраға кеңесшісі.
Отбасылық жағдайы: отбасы құрған, төрт баласы бар
Қосымша ақпарат: екі рет Меккеге хадж жасаған
Марапаттары: «Жыл меценаты» номинациясында «Халық сүйіктісі-2014» ұлттық премиясы
Хобби: шахмат, велоспорт, жүзу.